41

«Бала құқығы-адам құқығы»атты республикалық онкүндік

 

Жасқайрат негізгі жалпы білім беретін мектебінде 20-30 қараша арлығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы-адам құқығы»атты республикалық онкүндікке арналған іс-шаралар жоспары құрылып, өткізілді.

204

    20-қараша күні мектебіміздің кітапханашысы К.К.Айтбаева «Бала құқығы-адам құқығы» атты әдебиеттік көрме ұйымдастырды. Көрмеде баланың қандай құқығы бар екені айқын көрсетілді.

21-қараша күндері «Мен өмірді сүйемін» суреттер галереясын бастауыш сынып мұғалімдері 1-3 сынып арасында өткізді.

  22-қараша «Бала құқығы», «Бала құқығы және ата-ана» тақырыптарында сынып сағатын бастауыш сынып мұғалімдері 1-3 сынып оқушылары мен ата-аналар  арасында өткізді. Сынып сағатын өткізу мақсаты: әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру.Баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.Осы мақсатты жүзеге асыра отырып ата-ана құқығы мен міндеттері түсіндірілді.

    23-қараша күні «Біз бақытты баламыз» тақырыбында шығарма байқауы өтті.Бұл байқауға 6-9 сынып оқушылары қатысты.Жауапты мұғалім Н.К.Жусупова.Байқауға 5 оқушы қатысып, оның 2-уі жақсы нәтиже көрсетті. Олар: 6-сынып оқушысы Мусенова Асем мен 8-сынып оқушысы Қайниденов Мағжан.

200                      201

                                                                                                                                                                                                                                          

    24-қарашада Г.К.Габдуллина  оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білу, өз беттерімен салыстыра білу, өмірде қолдана білу, құқықтық білімдерін толықтыру, адамгершілік, адалдық, әділдікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру мақсатында 6-9 сынып оқушыларымен «Бала құқығы» жайында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара 7 бөлімнен тұрды.Бұнда оқушылар өз құқықтары жайлы ойларын ортаға салды. Мұғалім «Бала құқығы» заңдарынан баптарды ұсынды. «Тәртіп орнат», «Жалғасын тап» ойындары ойнатылды. Қорыта келгенде әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білу керек. Заң білу-заман талабы. Заңды аяққа баспайық.

                               202             203

28-қараша күні Н.Ж.Адам мен Б.С.Актасова «Ата-ананың өмірге көзқарасы» жайлы ата-аналармен сыр-сұхбат жүргізді.