«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Жасқайрат негізгі жалпы білім беретін мектебі

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлама шеңберінде өткізілген іс-шаралардың қорытынды есебі

2017-2018 оқу жылының 12 қазан күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын өткізу мақсатында 1-9 сыныптар арасында «Менің болашаққа бағдарым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты:

Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Таным блсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Өз ой- пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, ақ қағаз, түрлі түсті қарындаш.

Өткізілу барысы:

1.Ұйымдастыру

Оқушыларға сұрақ қою арқылы «Отан деген не?» сөздің мағынасы ашылды. Кейін елді көркейту үшін, өз үлесіңді қосу үшін қандай мамандық иесі боласың? сауалы қойылды. Оқушылар өз ойларын толық ортаға салды. Болашаққа деген көзқарастарын, ойларын шағын эссе, сурет арқылы жеткізді. Интербелсенді тақта арқылы Қазақстанның «Рухани жаңғыру 3.0» жолдауы оқушыларға түсіндірілді.

Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білді.

Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: 
                         Өткеніңді еске алсаң, 
                         Өскеніңнің белгісі. 
                         Өткеніңді ұмытсаң, 
                         Өшкеніңнің белгісі, 

- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сеніміміз мол.

 

 

                    

 

 

Асық ойыны-қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Халқымыз «мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір» деп бекер айтпаған. Осыдан болар, балалар ойындарының көбі қой асығымен байланысты. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап,оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Көненің көзіне айналған ұлттық ойынымызды жаңғырту мақсатында «Асық games» ойыны өткізілді. Осыған орай 3-9 шы сынып оқушылары белсене қатысты. Қорыта келгенде, бүгінгі ойын балаларға ерекше демалыс сыйлады. Себебі, ойнай білген адамға асықтың пайдасы зор. Ол тек мергендік пен ептілікке ғана емес, сонымен қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигізеді. Бүгін біз осы «Асық» ойыны арқасында тек екі қолымыз емес, ойлау мүшелерінен бастап, иық , аяқ, барлық бұлшықеттер қимылдайтынына көз жеткіздік. Бұл ойын балалар арасында көп ойнатылса, ұлттық ойынымыздың дами түсері анық.

 

            Ұлттық қолөнер бұйымдарын насихаттау барысында технология пән мұғалімі К.Рахимжанов 6 – 9 сыныптар арасында «Достық шеберханасы» атты оқушылармен сәндік қолдаңбалы өнер туралы түсіндіріп, сәндік бұйымдар жасады.