41

1-желтоқсан Президент күніне арналған іс-шара

    

501

 Президент күніне орай «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы » атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік шара мектебіміздің директоры Д.Ж.Орумбаеваның құттықтау сөзінен басталды. Концерттік бағдарлама оқушылардың ән-шашуымен жалғасты. 3-сынып оқушысы Габитова Руфина елбасының құрметіне «Ағатайым-ай» әнін орындады. Ал бастауыш сынып оқушылары президент жайлы тақпақтарын мәнерлеп оқыды. Шағын орталығындағы бүлдіршіндер қазақ биін мың бұрала биледі. Кайниденов Мағжанның «Қазағым» мен Аушахманов Нияздың «Жаным қазақ» әндері барша қауымға патриоттық сезім ұялатқаны анық. Мерекелік концерт мектеп оқушыларының орындаған «Нұр аға» әнімен аяқталды.