41

Кіру

"Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы 24 сәуірдегі

№ 158 бұйрығына

11-қосымша

"Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен

тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп

жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру"

мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар ментәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағылагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттікқызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұданәрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім берумекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қаласыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдаужәне жолдама беру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) "Азаматтарға арналған үкіме" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі –Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкесмемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуғаарналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттіксектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойыншамемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуғаарналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік секторсубъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметтіалушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақэлектрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойыншажылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

2) жеке сәйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiндеқызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын,мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметкөрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қосаалғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысандакөрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерініңжелілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге жәнеквазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғайтерезесі болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі - портал);

5) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарыменжасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұныныңөзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі -ЭЦҚ).

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

3. "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердіңжекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуыүшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұданәрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетінқызметті алушы) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардыңжәне облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, білім беруұйымыдарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), Мемлекеттік корпорацияғанемесе портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға "Мемлекеттік білім берумекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қаласыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдаужәне жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделгенқұжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойыншаөтініш береді.

4. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетінқызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өтіпкеткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияқызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшағасәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

6. Мемлекеттік корпорация құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушігекурьер арқылы жеткізуді 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттікқызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

7. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жекекабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралымәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытыкөрсетілген хабарлама жіберіледі.

8. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күніішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

9. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын, баланың туу туралы куәлігін,некеге тұруды куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді ("АХАЖ тіркеу пункті"ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда) Мемлекеттік корпорацияныңқызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылытиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

            Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттікқызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттіккорпорацияның қызметкері ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатынқұпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімалады.Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылумерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.

10. Құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама (жолдама) (бұдан әрі - жолдама) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.

11. Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдаманы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

12. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады.Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күніішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

13. Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және жолдама алу не мемлекеттік қызметкөрсетуден бас тарту 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметтіберушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне,әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтіберушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушібасшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылаужөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атынакеліп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілеттіорганның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгенкүнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

15. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетінқызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппенсотқа жүгінеді.

"Мемлекеттік білім беру

мекемелеріндегі білім алушылар

мен тәрбиенушілердің

жекелеген санаттарына қала

сыртындағы және мектеп

жанындағы лагерьлерде

демалуы үшін құжаттар

қабылдау және жолдама беру"

мемлекеттік қызметті көрсету

қағидаларына

1-қосымша

Нысан

Нұр-Сұлтан, Алматы және

Шымкент қалаларының,

облыстық маңызы бар

аудандар мен қалалардың

жергілікті атқарушы органның

басшысына

____________________________

____________________________

өтініш берушінің Т.А.Ә.

(бар болғанда) және жеке

сәйкестендіру нөмірі, мына

мекенжайы бойынша тұратын:

____________________________

(елді мекен атауы, тұрғылықты

мекенжайы, телефоны)

Өтініш

Менің кәмелет жасқа толмаған (Т.А.Ә. (бар болғанда) туған күні және жеке сәйкестендіру нөмірі) (мектеп № және сынып литерін көрсету) оқитын баламды _______________________________________________ (оқу жылын көрсету) қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуын қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне қосуды сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде сипатталған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға келісемін.

"___" _____________20__ жыл қолы

"Мемлекеттік білім беру

мекемелеріндегі білім алушылар

мен тәрбиенушілердің

жекелеген санаттарына қала

сыртындағы және мектеп

жанындағы лагерьлерде

демалуы үшін құжаттар

қабылдау және жолдама беру"

мемлекеттік қызметті көрсету

қағидаларына

2-қосымша

"Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен

тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп

жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру"

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін

қызметті берушінің

атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстықмаңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік

қызметті ұсыну

тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2)"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

3 ) білім беруұйымдары ;

4) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылыжүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік

қызмет көрсету

мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – 5 (бес)жұмыс күні .

2) көрсетілетін қызметті берушіде немесе Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.

4

Көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде

5

Мемлекеттік

қызметті көрсету

нәтижесі

Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама не осымемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілгеннегіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметтіалушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

6

Көрсетілетін

қызметті алушыдан

алынатын төлем

мөлшері Қазақстан

Республикасының

заңнамасында

көзделген

жағдайларда

мемлекеттік

қызмет көрсету

кезінде

мемлекеттік

қызмет көрсету

тәртібі және оны

алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00 - ден 1 8 . 3 0 - ға дейін ;

2) Мемлекеттік корпорацияда: еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша немесе қамқорлыққа мұқтаж кәмелетке толмаған баланың тіркелген жері бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті "брондауға" болады;

3) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің: www.edu.gov.kz и н т е р н е т - р е с у р с ы н д а ;

2) www.egov.kz порталында орналасқан.

8

Құжаттардың

тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1 ) өтініш ;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ;

3) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігі;

4) АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі ;

5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама

нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі - № 907 бұйрық) (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес сауықтыру лагерiне баратын мектеп оқушысына медициналық анықтама ;

6) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін – алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);

отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,

отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;

төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган айқындайды .

порталда :

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір рет пайдаланатын құпия сөзбен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәліктің электрондық көшірмесі;

3) АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі ;

4) № 907 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес сауықтыру лагерiне баратын мектеп оқушысына медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

5) мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққанбалалар үшін - көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергіліктіатқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектітұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттікатаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін – алғантабысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе олардыалмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа дақызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа даасырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);

отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғанбалалар үшін - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты),патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;

төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасыларданшыққан және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білімалушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін -отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган айқындайды.

9

Қазақстан

Республикасының

заңнамасында

белгіленген

мемлекеттік

қызмет көрсетуден

бас тарту үшін

негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшінұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анықеместігін анықтау ;

2) "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекалуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекалмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейініңшамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары ментәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып,отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғылжәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы

білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмеккөрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепкеалу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысында белгіленген талаптарға көрсетілетінқызметті алушының сәйкес келмеуі ;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімініңболуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетінқызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады

10

Мемлекеттік

қызмет көрсетудің,

оның ішінде

электрондық

нысанда

көрсетілетін

қызметтің

ерекшеліктерін

ескере отырып

қойылатын өзге де

талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі менмәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

"Мемлекеттік білім беру

мекемелеріндегі білім алушылар

мен тәрбиенушілердің

жекелеген санаттарына қала

сыртындағы және мектеп

жанындағы лагерьлерде

демалуы үшін құжаттар

қабылдау және жолдама беру"

мемлекеттік қызметті көрсету

қағидаларына

3-қосымша

Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі

Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа алып,

"Азаматтар үшін Үкімет" Мемлекеттік корпорацияның коммерциялық емес

қоғамы филиалының № __ бөлімі____________________________________

(мекенжайды көрсету) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген

тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты

_________________________________________________________________

(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге

құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1) ____________________________________________________;

2) ____________________________________________________;

3) ____________________________________________________.

Осы қолхат әр тарапқа біреуден 2 данада жасалды. Т.А.Ә. (бар болғанда)

(Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) __________________ (қолы)

Орындаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) _____________________

Қабылдаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) ____________________

(көрсетілетін қызметті алушының қолы) "___" _____________ 20__ жыл