"Қамқорлық" акциясы жалғасуда

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Қазақстан-2050" стратегиясында белгіленген балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру мақсатында 2014 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында дәстүрлі жыл сайынғы республикалық "Қамқорлық" акциясының басталғаны туралы хабарлайды.

    Құрметті  ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары! Аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасы балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жетім балаларға, әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларына қол ұшын созып, көмек берулеріңізді сұраймыз. Балалар - біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Жетімін жылатпаған, "жетім көрсе, жебеп жүрген" қазақ едік, сондықтан "Қамқорлық" акциясы аясында болашағымызға балта шаппай, қайырымдылық жасайық.

    Көмек қолын созам деушілер мектеп әкімшілігіне хабарласуыңызды сұраймыз: 23-6-26