«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Жасқайрат негізгі жалпы білім беретін мектебі
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлама шеңберінде өткізілген іс-шаралардың қорытынды есебі
2017-2018 оқу жылының 12 қазан күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын өткізу мақсатында 1-9 сыныптар арасында «Менің болашаққа бағдарым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Таным блсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Өз ой- пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, ақ қағаз, түрлі түсті қарындаш.
Өткізілу барысы:
1.Ұйымдастыру
Оқушыларға сұрақ қою арқылы «Отан деген не?» сөздің мағынасы ашылды. Кейін елді көркейту үшін, өз үлесіңді қосу үшін қандай мамандық иесі боласың? сауалы қойылды. Оқушылар өз ойларын толық ортаға салды. Болашаққа деген көзқарастарын, ойларын шағын эссе, сурет арқылы жеткізді. Интербелсенді тақта арқылы Қазақстанның «Рухани жаңғыру 3.0» жолдауы оқушыларға түсіндірілді.
Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білді.
Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сеніміміз мол.
Асық ойыны-қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Халқымыз «мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір» деп бекер айтпаған. Осыдан болар, балалар ойындарының көбі қой асығымен байланысты. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап,оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Көненің көзіне айналған ұлттық ойынымызды жаңғырту мақсатында «Асық games» ойыны өткізілді. Осыған орай 3-9 шы сынып оқушылары белсене қатысты. Қорыта келгенде, бүгінгі ойын балаларға ерекше демалыс сыйлады. Себебі, ойнай білген адамға асықтың пайдасы зор. Ол тек мергендік пен ептілікке ғана емес, сонымен қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигізеді. Бүгін біз осы «Асық» ойыны арқасында тек екі қолымыз емес, ойлау мүшелерінен бастап, иық , аяқ, барлық бұлшықеттер қимылдайтынына көз жеткіздік. Бұл ойын балалар арасында көп ойнатылса, ұлттық ойынымыздың дами түсері анық.
Ұлттық қолөнер бұйымдарын насихаттау барысында технология пән мұғалімі К.Рахимжанов 6 – 9 сыныптар арасында «Достық шеберханасы» атты оқушылармен сәндік қолдаңбалы өнер туралы түсіндіріп, сәндік бұйымдар жасады.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы
КІРІСПЕ
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.
Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық.
Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.
Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық.
2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.
2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.
Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз.
Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім.
І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ
Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.
ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады.
Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.
Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.
Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.
Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.
Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы.
Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын.
Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтер едім.
Толығырақ: Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы
Конкурс 10.08.2018
Приложение 4
к Правилам организации питания
обучающихся в организациях
среднего образования
Объявление о конкурсе
ГУ «Жаскайратская основная общеобразовательная школа Бобровского сельского округа Качирского района» села Жаскайрат Качирского района (shaskairatosh@mail/.ru)
(наименование, почтовый и электронный адрес организатора конкурса)
объявляет о проведении конкурса по организации питания обучающихся в организации среднего образования.
Услуга должна быть оказана:
с. Жаскайрат ГУ «Жаскайратская основная общеобразовательная школа Бобровского сельского округа Качирского района» села Жаскайрат Качирского района
Питание детей из малообеспеченных, многодетных семей, детей сирот и оставшихся без попечения родителей, туб виражных, туб инфицированных всего 2 (два) ребенка одноразовое горячее питание на сумму 66000 (шестьдесят шесть тысяч) тенге.
(указываются место оказания услуги и ее объемы, перечень категорий получателей услуги и их количество, сумма, выделенная на оказание услуги)
Срок оказания услуги с 10 августа по 31 августа 2018 года.
К конкурсу допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие требованиям конкурсной документации.
Пакет копии конкурсной документации можно получить в интернет-ресурсе shaskairatosh@mail/.ru
(указать электронный адрес)
Конкурсные заявки на участие в конкурсе, запечатанные в
конверты, представляются (направляются) потенциальными поставщиками в
ГУ «Жаскайратская основная общеобразовательная школа Бобровского сельского округа Качирского района» села Жаскайрат Качирского района
(указать наименование организатора конкурса)
по адресу: 140604 Павлодарская область Качирский район с. Теренколь улица Тәуелсіздік бухгалтерия.
(указать полный адрес, № кабинета)
Окончательный срок представления заявок на участие в конкурсе с 10 августа по 31 августа до 14.00.часов
(указать время и дату).
Конверты с заявками на участие в конкурсе будут вскрываться
по следующему адресу: с. Теренколь улица Тәуелсіздік кабинет бухгалтерии
(указать полный адрес, № кабинета, время и дату)
Дополнительную информацию и справку можно получить по
телефону: 8718-33-23-626; 8718-33-22-792; 8705 506 32 14
1-тоқсан қортындысы
1 тоқсан. 2017-2018 оқу жылының қорытындысы
Үздіктер - 2
2 сынып
Бақтияр Айдана
3 сынып
Габитова Руфина
Екпінділер – 3
2 сынып
Ақтас Мансур
3 сынып
Ақтас Ақжан
7 сынып
Аушахманов Нияз
«Бала құқығы-адам құқығы»атты республикалық онкүндік
Жасқайрат негізгі жалпы білім беретін мектебінде 20-30 қараша арлығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы-адам құқығы»атты республикалық онкүндікке арналған іс-шаралар жоспары құрылып, өткізілді.
20-қараша күні мектебіміздің кітапханашысы К.К.Айтбаева «Бала құқығы-адам құқығы» атты әдебиеттік көрме ұйымдастырды. Көрмеде баланың қандай құқығы бар екені айқын көрсетілді.
21-қараша күндері «Мен өмірді сүйемін» суреттер галереясын бастауыш сынып мұғалімдері 1-3 сынып арасында өткізді.
22-қараша «Бала құқығы», «Бала құқығы және ата-ана» тақырыптарында сынып сағатын бастауыш сынып мұғалімдері 1-3 сынып оқушылары мен ата-аналар арасында өткізді. Сынып сағатын өткізу мақсаты: әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру.Баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.Осы мақсатты жүзеге асыра отырып ата-ана құқығы мен міндеттері түсіндірілді.
23-қараша күні «Біз бақытты баламыз» тақырыбында шығарма байқауы өтті.Бұл байқауға 6-9 сынып оқушылары қатысты.Жауапты мұғалім Н.К.Жусупова.Байқауға 5 оқушы қатысып, оның 2-уі жақсы нәтиже көрсетті. Олар: 6-сынып оқушысы Мусенова Асем мен 8-сынып оқушысы Қайниденов Мағжан.
24-қарашада Г.К.Габдуллина оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білу, өз беттерімен салыстыра білу, өмірде қолдана білу, құқықтық білімдерін толықтыру, адамгершілік, адалдық, әділдікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру мақсатында 6-9 сынып оқушыларымен «Бала құқығы» жайында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара 7 бөлімнен тұрды.Бұнда оқушылар өз құқықтары жайлы ойларын ортаға салды. Мұғалім «Бала құқығы» заңдарынан баптарды ұсынды. «Тәртіп орнат», «Жалғасын тап» ойындары ойнатылды. Қорыта келгенде әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білу керек. Заң білу-заман талабы. Заңды аяққа баспайық.
28-қараша күні Н.Ж.Адам мен Б.С.Актасова «Ата-ананың өмірге көзқарасы» жайлы ата-аналармен сыр-сұхбат жүргізді.