Біз - бақытты баламыз!
1 күн: «Біз бақытты баламыз!»
Алақай жаз келді!
Көктем келді май келді,
Шақырады тойға елді.
Бізбенен қол ұстасып,
Кел, бірге жүр, жақсы май.
Гүл терейік, алақай!
Маусым айы табиғаттың жайма шуақ берекелі кезеңі. Айналаның бәрі жасыл желек жамылып ерекше бір реңге енеді. Табиғаттың бұл әсем жыл мезгіліндегі біздің мектепте орналасқан «Айгөлек» жазғы алаңның тобы таныстырылды.
Қане достар танысайық. Балалар бір-бірімен танысып, достасып кетті. Балалар «Отан» әнін шырқады.
Түрлі топ жарыс ойындарын өткізіп тамашаладық.
Добым менің домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің.
Тарелканы сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмыз сені тепкілеп.
2 күн: «Дос болайық бәріміз!»
Армысың жарқыраған күн,
Армысың жер ана!
Армысың көгілдір аспан.
Армысың апайлар,
Армысың сен және мен.
«Доссыз адам – тұссыз тағам» әңгімелесу
Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген — адамның көрігі екен,
Достық деген адалдың серігі екен.
Біз қауіпсіздік ережелерді тыңдаймыз,
Оларды есте сақтауға тырысамыз!
4 күн: «Туған жерге туыңды тік»
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба,Туын,Әнұран-
Тәуелсіздікке тәнтбелгі-
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның мына біздер,
«Еліміздің рәміздері»- көшейік.
Көк жүзінде көгілдір
Гүл жайнаған мөлдір нұр.
Қазақстан жалауы-
Азаттықтың алауы.
Желбірейді аспанда,
Отан орны асқарда.
Елтанбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдіңОртада аспан әлемі!
Құт, береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
Қазақстан рәміздері- елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші.
Ән ұран, көңілдір ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
Ән ұраным - жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім- сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Қалықтаған жас сұнқар,
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Жақында Жасқайрат негізгі мектебінде 1- маусым –Халықаралық балалар қорғау күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Салтанатты шараның ашылуын мектеп директоры балаларды мерекелерімен құттықтап, игі тілек білдірді. Әрі қарай мереке мұғалімдер ұжымы мен оқушылардың концертімен жалғасты.Сахна төрінде балалар өз өнерлерімен,әсем әндерімен, мың бұралып билеген көрермендердің көңілінен шықты.Мерекеге «Ғажайыптар әлемінен» Ханша -Асаинова Айсара, Періште- Киндирова Лена, Шайтан- Абишев Бекзат, Сайқымазақтар - Киндиров Руслан және Жастлеков Санжар келді.
Шара барысында сахналық қойылым көрсетіп, балаларға көрініс қойды.
Осы күні «Балбөбек» шағын орталығының бүлдіршіндері Габитова Руфина, Арстанбекова Гульсана, Алпысбай Акжан, Ақтас Мансур «Күлегештер әні», «Ақ әже», «Мектебім» атты әндерімен көрермендерді тәнті етті. Жүргізушілер Кузнецова Наташа және Аушахманова Бақытжамал іс-шараға бағыт беріп тұрды.Аушахманов Нияз «Қызыл гүлім-ай» әнімен және Абишев Бекзат, Жастлеков Санжар, Киндиров Руслан «Балдаурен» әнімен жиналған көрермендердің ризашылығына бөленді.
Әрі қарай оқушылар арасында спорттық шаралар, эстафеталық ойындар жалғасын тапты: «Тұлпар» және «Сұңқар» тобы командаларға бөлінді.
Аталмыш мереке балалар арналған сыйлықтармен аяқталды.
Жасқайрат ауылының боздақтарын еске алу!!!
2015 жылдың мамырдың 9 жұлдызында Жасқайрат негізгі жалпы білім беретін мектебінде Ұлы Отан Соғысының 70-жылдығына орай "Жасқайрат ауылының боздақтарын еске алу" іс-шара өткізілді. Бұл үлкен шараны дайындап ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімі Асаинова Мұндық Джапанқызы. Іс-шараның бірінші бөлімі Ұлы Отан Соғыс жылдарында соғысқа кеткен адамдар жайында презентациядан басталып, оқушылардың шағын концерттік бағдарламасымен аяқталды. Ал екінші бөлімінде біздің арамызда жүрген ардагерлердің балалары өз ата-аналар жайында әңгімеледі.
***
Үлкенге ізеттілік көрсетуді ұмытпайық!
Биыл ІІ дүниежүзілік соғыстағы Женістің 70 жылдығына байланысты «Ардагерлер жылы » болып жарияланғаны белгілі.
Ұлы Отан соғысы жылдары тыл еңбеккерлері де жеңісті күндерді жақындатуға өз үлестерін қосып, ерен еңбек көрсетті. Сондай адамдардың бірі біздің ауыл тұрғыны «Батыр ана» атағына ие болған Рамазанова Кәкібай әжеміз.
Осы мерекеге орай біздің мектептің оқушылары Кәкібай әжемізбен кездесу өткізді. Сұхбат барысында ол кісі қиын-қыстау кезінде 11 жасынан бастап егіс даласында соқа соңында жүріп, үлкендермен бірге туған елі үшін, жеңіс үшін аянбай еңбек еткенін әңгімелеп берді.
Оқушылар әжеміздің ауласын қардан тазалап, қайырымдылық акциясын өткізді . Бүгінде 80 жасқа толып отырған әже ұлын ұяға, қызын қияға ұшырып, немере, жиендерінің қуанышына бөленіп отыр.
Кездесу соңында Кәкібай әже балаларға өзінің ақ батасын берді.
1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бейбіт өмірде берекелі ғұмыр кешкен көп ұлтты халқымыздың бірлігі жарасып, татулығы мен ынтымағы арта берсін!
Ұлттық мұратымыз биік, болашағымыз баянды болғай!
І/н: Жасқайрат негізгі мектебінің ұжымы
Тың игеруге - 60 жыл
Жасқайрат негізгі мектебінде 21 сәуірде "ТЫҢ ИГЕРУГЕ - 60 ЖЫЛ" атты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шараға Жасқайрат ауылының тың ардагерлері Крутиков Иван Дмитривич және Киндирова Лидия Григорьевна шақырылды. Мектеп директоры Аушахманова Г.А. тың ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Тың ардагерлеріне арнап мектеп оқушылары өлең оқып, әсем әндерін тарту етті. Мектеп ұстаздары Асаинова С.Ж. және Жусупова Н.К. "Ақ бидай" әнін шырқап, қонақтардың ықыласына бөленді. Мереке барысында ардагерлер өздерінің өмірбаяндарын, тың кезіндегі өмірлерін баяндап, оқушылармен сұхбат жүргізді.