1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бейбіт өмірде берекелі ғұмыр кешкен көп ұлтты халқымыздың бірлігі жарасып, татулығы мен ынтымағы арта берсін!
Ұлттық мұратымыз биік, болашағымыз баянды болғай!
І/н: Жасқайрат негізгі мектебінің ұжымы
Тың игеруге - 60 жыл
Жасқайрат негізгі мектебінде 21 сәуірде "ТЫҢ ИГЕРУГЕ - 60 ЖЫЛ" атты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шараға Жасқайрат ауылының тың ардагерлері Крутиков Иван Дмитривич және Киндирова Лидия Григорьевна шақырылды. Мектеп директоры Аушахманова Г.А. тың ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Тың ардагерлеріне арнап мектеп оқушылары өлең оқып, әсем әндерін тарту етті. Мектеп ұстаздары Асаинова С.Ж. және Жусупова Н.К. "Ақ бидай" әнін шырқап, қонақтардың ықыласына бөленді. Мереке барысында ардагерлер өздерінің өмірбаяндарын, тың кезіндегі өмірлерін баяндап, оқушылармен сұхбат жүргізді.
Аналар - асыл жандар
Құрметті аналар, аяулы әжелер, сүйкімді қыздар!
Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймыз. Жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілейміз.
Аналар қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарына
Бүгінгі аналардың тойларында
Гүл бітсін бәріңіздің қадамына.
Ізгі тілекпен: Жасқайрат негізгі
мектебінің ұжымы